АСТАНА. KAZINFORM – Африканың бірнеше елінде эбола вирусының өршуіне байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі халықаралық сапарды жоспарлап отырған Қазақстан азаматтарына үндеу жасады және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды ескеруді ұсынады.
– Қазақстан азаматтарына өздері баратын елдегі эпидемиологиялық жағдаймен алдын ала танысып, алдын алу шараларын сақтау және қажет болған жағдайда жедел медициналық көмекке жүгіну ұсынылады. Азаматтарды сапар кезінде денсаулық пен қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, – деді ҚР СІМ ресми өкілі Ерлан Жетібаев елордада өткен брифингте.
Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Конго Демократиялық Республикасында және Угандада тіркелген Эбола қызбасының өршуіне байланысты халықаралық маңызы бар төтенше жағдай жариялады.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.