ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасарлары тағайындалды
Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметінен хабарланды.
Есентаев Тастанбек Кұтжанұлы - Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары. 1985 жылы Қарағанды педагогикалық институтын, 2007 жылы Қазақ-Ресей университетін тәмамдады.
Еңбек жолын 1977 жылы бастады. 1985-1995 жылдар аралығында орыс тілі мен орыс әдебиетін терең меңгеру және әскери-дене шынықтыру дайындығы облыстық мамандандырылған мектеп-интернатында тәрбиелеуші-командир және оқытушы болып қызмет етті.
2009-2012 жылдар аралығында «Қарағанды облысы туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-нің бастығы, басшының орынбасары болды.
2012 жылы қаңтар айынан бастап сәуірге дейін ҚР туризм және спорт министрлігі спорт жөніндегі комитетінің төрағасы болып жұмыс жасады.
2012 жылдың сәуір айынан бастап ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттігі Жоғары жетістіктер және спорт резерві департаментінің директоры болды.
Шайжүнісов Аллен Сержанұлы - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері жөніндегі агенттік төрағасының орынбасары. РФ сыртқы істер министрлігі халықаралық қатынастар Мәскеу мемлекеттік институтын, Қазақ қаржы-экономикалық академиясын бітірді.
Еңбек жолын 1998 жылы РФ-да «Қазақ кабель компаниясы» ЖШС-нің менеджері қызметінен бастады.
2003-2006 жылдар аралығында дипломатиялық қызметте болды.
2006-2008 жылдар - Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.
2008-2009 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі.
2010-2012 жылдар аралығында «Самұрық-Қазына» ЖШС-нің басқарушы директоры, «БРК-Лизинг» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2010 жылдан бастап ҚР велосипед спорты федерациясының вице-президенті, атқарушы директоры.