Оның сөзіне қарағанда, А.Мешімбаеваға қатысты қылмыстық іс аяқталуға жақындады. Осыдан кейін қылмыстық іс сотқа тапсыру үшін прокуратура органдарына зерттеуге жіберіледі.
«Менің ойымша, 10 қазанға дейін біз прокуратура органдарына тапсырамыз», - деп түйді ресми өкіл.
Еске сала кетейік, биылғы жылдың 7 қыркүйегінде Анар Мешімбаева сеніп тапсырылған бөтен мүлікті ысырап еткені (ҚР ҚК 176-бабының 3-бөлігінің «б», «г» тармақтары), сондай-ақ қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту мақсатында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұратуы бойынша Ресей Федерациясынан экстрадицияланды.
Прокуратура ақпаратына сәйкес, содан кейін А.Мешімбаева Астана қаласы ІІД уақытша ұстау абақтысына жабылды.