ҚР Су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы әлемдік су полосының басшысы болып сайланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Су спорты түрлері федерациясының бас хатшысы Андрей Крюков әлемдік су полосының басшысы болып тағайындалды.

Бұл жайлы ҚР Су спорты түрлері федерациясы мәлім етті.

Будапеште су спорты түрлері бойынша 17-інші әлем чемпионаты аяқталды. 17 күн бойы Венгрия астанасында өткен жарысқа әлемнің 180 елінен келген 2500 атлет қатысты.

Будапештегі әлем біріншілігінің басты оқиғасы саналған FINA-ның бас конгресінде  халықаралық жүзу федерациясына мүше-елдер 2017-2021 жылдары өтетін келесі олимпиада кезеңі қарсаңында су спорты түрлерінің даму мәселелерін анықтады.

Ұлттық федерациясының бас хатшысы Андрей Крюков басқарманың жоғарғы органы - бюроға қайта сайланды.