ҚР «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары ауысты

None
АСТАНА. 19 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Өкімдерімен: Руслан Ысқақұлы Омаров Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Марат Ақылшыұлы Күзетов Қазақстан Республикасы «Сырбар» Сыртқы барлау қызметі директорының орынбасары қызметінен босатылды.

Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз қызметі хабарлады.