ҚР сыртқы істер министрі Е. Ыдырысовтың анасы дүниеден өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның сыртқы саясат ведомствосының басшысы Ерлан Ыдырысовтың анасы Заря Малгаждарқызы Нұржанова дүниеден өтті, деп хабарлады «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі.

«ҚазАқпарат» ХАА басшылығы мен ұжымы Ержан Ыдырысовқа орны толмас қаза - Заря Малгаждарқызы Нұржанованың дүниеден өтуіне байланысты қатты қайғырып, көңіл айтады.