Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Гвинея президенті Альфа Кондимен кездесті. Қысқа кездесу Гвинея көшбасшысының Нельсон Манделаның қайтыс болуына байланысты ОАР-ға ұшу сапарының алдында өтті.
Ерлан Ыдырысов Альфа Кондидің уақытының тығыздығына қарамастан, Конакриде қарсы алған Гвинеяға келген шетелдің үш сыртқы істер министрінің бірі болды.
Қазақстан делегациясымен болған кездесу барысында тараптар бірінші кезекте өзара сауда және инвестиция мәселелерін талқылады. Бұл Африка мемлекеті билігін қызықтыратын негізгі тақырып болатын.
Қазақстан Республикасы және Гвинея Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар 1992 жылғы 4 сәуірден бастап орнатылған, алайда, сауда-экономикалық қарым-қатынастардың деңгейі өте төмен екендігін атап айту керек.
2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Гвинея арасындағы тауар айналымы бар болғаны 1,2 мың долларды құрады. ҚР СІМ-де мұны екі елдің іскер қауымдастықтары арасындағы байланыстың, сондай-ақ, тікелей көлік жолдарының болмағандығымен түсіндіруде. Сонымен қатар, Гвинеяда алмаз, алтын және басқа құнды пайдалы қазбалардың бай қоры бар.