Қазақстандық дипломаттың Бакуге жұмыс сапарымен барған мақсаты қазақстан-әзірбайжандық сыртқы саясат аралық консультацияларға қатысу болып табылады.
Бүгін А. Жұмабаевтың ӘР-ның Сыртқы істер министрі Эльмар Мамадьяровпен және ӘР СІМ министрінің орынбасары Халаф Халафовпен келіссөздері өтеді деп күтілуде.
Кездесу барасында бірқатар халықаралық, екіжақты құқықтық құжаттар мен келісімдердің талқылануы жоспарланған, сондай-ақ әзірбайжан тарапына Қазақстанның астанасында халықаралық EXPO-2017 көрмесін өткізуге байланысты Астананың кандидатурасын қолдау бойынша өтініш білдіріледі.