деп хабарлайды ҚР СІМ баспасөз қызметі.
Күн тәртібінде ТМД аясындағы ынтымақтастықты дамыту мен өзекті мәселелерді қамтитын сұрақтар қаралды. Отырысқа қатысушылар ТМД-ның 20 жылдығына байланысты ТМД-ға мүше елдердің Мемлекет басшылары Мәлімдемесінің жобасын келісті.
Отырыс аясында Қазақстан делегациясының басшысы өз әріптестерін Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Президенті қызметіне ресми кірісу салтанатындағы сөйлеген сөзімен таныстырып өтті.