ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын әзірге Тайландқа бармауға шақырады

АСТАНА. Мамырдың 17-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарын әзірге Тайланд Корольдігіне бармауға шақырады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан Республикасының Тайланд Корольдігіндегі дипломатиялық миссиясы қазіргі таңда қалыпты режімде жұмыс істеуде. Алайда, ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарына аталмыш елде қалыптасқан жағдайға байланысты Тайландқа бармауды ұсынады. Ал, егер де біздің азаматтарымыз Тайланд аумағына жүрген жағдайда, Бангкок қаласына бармауларын өтінеміз», деді бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.