деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тайланд Корольдігіндегі ішкі саяси жағдайдың ушығуына байланысты, Қазақстан азаматтарының аталмыш елдің Үкіметі төтенше жағдай жариялаған Банког қаласына және оның төңірегіндегі бірқатар провинцияларға бармауды өтінеді», деді бүгін Астанада ҚР Сыртқы істер министрінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов.
Сонымен қатар ол, «ҚР Сыртқы істер министрлігі Тайланд Корольдігінің аумағында жүрген Қазақстан азаматтарын айырықша сақ болуға және қауіпсіздіктің салмақты шараларын қабылдауға шақырады деді.