ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинадағы қақтығыстың ушығуына байланысты алаңдаушық танытты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинадағы қақтығыстың ушығуына байланысты, әсіресе, бейбіт тұрғындардың қаза табуына әкелген атыстарға ерекше алаңдаушылығымызды білдіреміз, деп хабарлады ҚР СІМ.

Украинаның оңтүстік-шығысындағы дағдарысты жағдайды реттеуде бейбіт келіссөздерден басқа жол жоқ екеніне кәміл сенімдіміз.

Тараптарды қақтығысты жағдайды барлық қатысушылар өз мойындарына алған міндеттерді орындауға, соның ішінде Минск келісімдерінде көзделген міндеттерге негізделген бейбіт жолмен шешуге шақырамыз. Қазақстан өз кезегінде Украинадағы дағдарысты реттеу мақсатында тараптарға қолайлы кез-келген форматта және кез-келген уақытта келіссөздер өткізу үшін өз алаңын ұсынуға дайын.