ҚР сыртқы істер министрлігінде «Қазақстан және ЭКСПО» тақырыбында жастармен кездесу өтеді
07:30, 07 Желтоқсан 2012
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР сыртқы істер министрлігінде жоғары оқу орындарының студенттерімен «Қазақстан және ЭКСПО» тақырыбында кездесу өтеді.
Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызсметі хабарлады.
Жастармен бұл тақырыпта ҚР СІМ жауапты хатшысы, Астана қаласының ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге өтінімін ілгері жылжыту мәселелері бойынша ұлттық үйлестірушісі Рәпіл Жошыбаев кездеседі.
Оған жоғары оқу орындарының 153 өкілі қатыспақ, олардың арасында «Болашақ» бағдарламасының 35 түлегі және 24 стипендиаты, ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының 6 оқытушысы мен 43 студенті және Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің 3 оқытушысы мен 42 студенті бар.