«ҚР Сыртқы істер министрлігінде ҚХР-дағы коронавирус мәселелері бойынша қауырт желілер ашылғанын хабарлаймыз. Жұмыс уақытында Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: 7 (7172) 72-05-49, 7 (7172) 72-01-98, 7 (7172) 72-04-93. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері 7 (7172) 72-01-11 нөмірі бойынша хабарласуға болады», - делінген ведомствоның Telegram -ында жарияланған ақпаратта.
Сонымен қатар, ҚХР-дың кейбір қалаларында карантиннің енгізілуіне байланысты Қытай аумағындағы азаматтарымыз үшін Қазақстанның Бейжіңдегі Елшілігінде 86 10 65324189 телефоны бойынша тәулік бойы қауырт желі ашылды.