«Осы жылғы 4 ақпанда Иран өкілдері және ирандық ядролық бағдарлама бойынша халықаралық араағайындық алтылығы - Ресей, АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Франция және Германия өкілдері өзара консультациялардан кейін ирандық ядролық бағдарлама бойынша келіссөздердің кезекті раундын осы жылғы 26 ақпанда Қазақстанда (Алматы) өткізу туралы шешім қабылдады.
Осыған байланысты ҚР СІМ Қазақстан бұл шешімді құптайтынын және бүкіл әлемде қауіпсіздік пен тұрақтылықты ұстап тұру үшін өте маңызы зор осы келіссөздердің табысты өтуі үшін барлық қажетті жағдайды және қолайлы ахуалды жасайтынын мәлімдейді», - делінген құжатта.