Еске сала кетейік, 2015 жылы 13 ақпанда сот үкіміне сәйкес М.Оспановқа 1 миллиард 101 миллион 60 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы қолданылды. Оның мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметті жүзеге асыруға байланысты және жергілікті басқару қызметінен өмірінің соңына дейін шеттетілді. Мұрат Оспанов ҚР ҚК 366 бабы 4 бөлімі мен 24 бабының 3 бөліміне сәйкес айыпты деп танылды. Қазіргі заңнамаға сәйкес сотталушы өтініш жазып, №2 Есіл аудандық сотының 2015 жылғы 26 наурыздағы қаулысына сәйкес айыппұлды алты ай ішінде бөліп төлеу мүмкіндігіне ие болды.
«Бүгінде сотталған Мұрат Оспанов 250 миллион теңгеден астам айыппұл төледі», - делінген хабарламада.