ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы: Швейцарияда мерейтойлық пошта маркасы шықты

Фото: None
БЕРН ҚазАқпарат – Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігінің бастамашылық етуімен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мерейтойлық пошта маркасы шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Сыртқы істер министрлігінен мәлім еткендей, пошта маркалары Елшіліктің күнделікті хат-хабарларында, сондай-ақ кәдесый ретінде пайдаланылады.

Швейцарияда қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен электронды қызметтердің жоғары дамуына қарамастан, пошта-корреспонденциясы қоғам өмірінде маңызды орын алады.

Карантин кезеңінде Швейцарияда онлайн-сауданың артуына байланысты пошта қызметтерін пайдалану бірнеше есе өсті. Сыйлықтар, тауарларға тапсырыс, хаттар салынған конверттер – бүгінгі күні пошта қызметі арқылы сәлемдемелер мен конверттердің көптеген саны өтіп жатыр.

«Қазіргі уақытта біз күн сайын миллионнан астам сәлемдеме өңдейміз. Бұл Post тарихындағы абсолютті рекорд», – деп атап өтті Swiss Post баспасөз өкілі Жаклин Бюлман.

Жалпы алғанда, Швейцариядағы почта және пошта маркаларының тарихы орта ғасырлардан бастау алады және әлемнің түкпір-түкпіріндегі филателистердің назары мен қызығушылығын туғызуда.


Соңғы жаңалықтар