"Қысқы уақытта тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - адам әлеуетін, қоғамның тұрақты дамуын сақтаудағы міндеттердің бірі» тақырыбымен ғаламтор мәжілісін өткізді, деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.
Тұрғындарды мемлекеттік органдардың қолайсыз ауа райы жағдайында жолдарда төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша қолданылып жатқан шаралар, сондай-ақ құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық жабдықталуы, соның ішінде адамдарды күртік қардан құтқару кезінде қолданылатын техникасының бар болуы, республикалық жолдардың қауіпті учаскелерінде медициналық-құтқару пунктерін құру мәселелері қызықтырды.