«Бүгін таңертеңгі сағат 9.15-те Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ТУ-154М авиалайнері қалған қазақстандық азаматтарды эвакуациялау үшін Мысарға қайта ұшты», - делінген хабарламада.
Еске салайық, бүгін түнгі сағат 0.45-те ҚР ТЖМ-ның ұшағы Қаирдан Алматыға қазақстандық 139 азаматты жеткізді, оның 39-ы балалар, сондай-ақ Каирдағы дипломатиялық өкілдіктің қызметкерлері мен олардың отбасылары.
ҚР ТЖМ «Апаттық медицина орталығының» дәрігерлері мен Республикалық шұғыл-құтқару жасағының құтқарушылары азаматтармен бірге ұшақ бортында бірге келіп, қажетті медициналық көмектерді көрсетіп отырды. Өзге қалаларда тұратын азаматтарға Алматының қонақ үйлерінде орналасуға және тұрғылықты жерлеріне жетуге көмектер берілді.