ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде бірқатар ауыс-түйістер болды

АСТАНА. 1 маусым. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Кеше, ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде бірқатар ауыс-түйістер болды.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім етті.

Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың жеке құрам бойынша бұйрығына сәйкес, генерал-майор Дамир Қасымбекұлы Халықов Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті басшысы қызметінен босатылып, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің қарамағына қабылданды.

Алматы қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы қызметіне полковник Берік Сатынбайұлы Құтпанов тағайындалды. Ол Ақтөбе облысы бойынша ТЖД басшысының қызметінен босатылды.

Б.Құтпановтың орнына ауыстыру арқылы Абай Серікбайұлы Байжомартов келді.