ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің авиациясы Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету миссиясын аяқтады
Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында Ауғанстан Ислам Республикасына көмек көрсету бойынша іс-қимылдар жоспарына сәйкес, үстіміздегі жылғы шілденің 17-сі мен тамыздың 30-ы аралығында ҚР ТЖМ-ның авиациясы - Ми -171 тікұшағы мен Ил-76 ТД ауыр көлік ұшағы Ауғанстан аумағында гуманитарлық көмек көрсету миссиясымен болды.
Ми-171 тікұшағы Ауғанстанның шалғайдағы аудандарына азық-түлік жеткізсе, Ил-76 ТД ұшағы БҰҰ-ның Бүкілдүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы бойынша Біріккен Араб Әмірліктерінен Ауғанстанға гуманитарлық жүктерді жеткізді.
ТЖМ-ның қазақстандық экипажы АҚШ, Украина авиациясы мен Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдерімен бірлесе, Ауғанстанға гуманитарлық көмек көрсету бойынша бейбіт миссияны орындау барысында жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Оларда таулы аумақтарда, жоғары ауа температурасының жағдайында авиациялық жұмыстарды орындау және халықаралық ұшуларды жетілдіру бойынша мол тәжірибе жинақталды.