ҚР Тұңғыш Президенті: Әлі күнге дейін фракция – күш екенін білмейміз

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұрлан Нығматулин «Nur Otan» партиясының Мәжілістегі фракциясының жұмысын күшейте алады. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз әлі де болса ескіше жұмыс істеп келеміз.Бізде фракция түсінігі күлкілі болып көрінеді. Қай кезде болды? Фракция дегенді біз көргеніміз де жоқ. Әлі күнге дейінфракция – бұл күш екенін білмейміз. Көп жағдайда сол айқындайды. ФракцияПремьер-Министр кандидатурасын айқындады. Жаңа заңға сәйкес министрлерді деөткізуі тиіс. Негебірде-біреуін қабылдамай қоймады?Неге жұмысқа ұқыпсыздығы үшін лауазымынан алып тастауды ұсынбады?», - дедіЕлбасы.

Қазақстан Тұңғыш Президентінің пайымынша,фракция мықты болуы тиіс. Сонда ғанаоның беделі жоғары болады.

«Исімбаева (ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Nur Otan» партиясы франкциясының жетекшісі Гүлмира Исімбаева) басқаратын бүгінгі фракция жаман жұмысістеп жатқан жоқ. Бірақ, әлемнің басқа елдерінде бар ережеге арқа сүйей отырып,біздің Мәжілістегі фракциямыздың жетекшісі лауазымына Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулинніңкандитатурасын ұсынамын, егер ол қарсы болмаса. Ол партия жұмысын күшейтіп,Мәжіліс спикері ретінде фракция жұмысын жұмылдыра алатындығынасенімдімін», - деді Н.Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар