«Method PRO» жобасы - Қазақстанның ІТ-индустриясын дамытуға бағытталған еліміздің дарынды жастарына арналған арнайы кәсіби білім беру платформасы.
Жобаны іске асыру барысында 100 дарынды студентке арналған отандық және шетелдік мамандардың мобильді және веб-әзірлемелері, машиналық оқыту және Вig Data, маркетинг және бизнес-талдауды қолдану жөнінде семинарлар өткізілді. Жобаны іске асыру барысында оған қатысушылар елорданың ірі компаниялары және кәсіпорындарында тағылымдамадан өтті, оның нәтижесінде қатысушылар «Қазпошта», «Казатомпром», Бас прокуратура және т.б. үшін шешім-жобаларын әзірледі.
Назарбаев Орталығының алаңында жоғарыда аталған компаниялардың ІТ-бағдарламалары және бизнес-ұсыныстарын енгізу жөніндегі жұмыстары көрсетіледі.
«Қазпошта» АҚ үшін ұсынылатын жоба - жасанды интелектіге негізделген және пайдаланушыларға қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін жүйе.
«Казатомпром» АҚ үшін ұсынылатын жоба - кен орындарынан уранды өндірген кезде кеніштерді цифрлауға мүмкіндік беретін цифрлық кеніш жүйесі.
Бас прокуратураға арналған жоба - «Белсенді азамат» мобильді қосымшасы. Қылмыстың мониторингісін жүргізуге, онлайн режимінде шағым және өтініш жасауға мүмкіндік беретін жүйе.
Тұсаукесерге ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев, АҚШ-тың ҚР-дағы елшісі Джордж Кролл, жобаны бірлесіп ұйымдастырушы Дагар Давлетов, «Зерде» ұлттық ақпараттық коммуникациялық холдингісі басқармасының төрағасы Руслан Еңсебаев, «Қазпошта» АҚ-ының инновациялар және ақпараттық технологиялар жөніндегі басқарушы директоры Нариман Мұқұшев қатысты.
ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының атқарушы директоры Қанат Жұмабаев: «Қордың ұйымдастырып отырған жобалары - адами капиталға деген салым, олар Қазақстан жастарының жеке дара, кәсіби және рухани дамуына ықпал етеді. Жастарға салынған бүгінгі инвестициялар мемлекеттің прогресіне салынған инвестициялар болып табылады», деп атап өтті.