ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы ресми интернет-ресурсы іске қосылды
12:26, 03 Шілде 2019
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Тұңғыш Президенті -Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ресми интернет-ресурсы іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаевтың twitter-аккаунтына сілтеме жасап.
«Достар, Тұңғыш Президенттің ресми интернет-ресурсы https://Elbasy.kz іске қосылды.
Егер сіздер өз пікірлеріңізді және ұсыныстарыңызды жаңа сайтта жариялап отырсаңыздар дән риза болар едік»»,- деп жазды Айдос Үкібай.