ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасы мен «ҚазАқпарат» ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды -ФОТО, ВИДЕО
«Өткен жылдан бері біз халықаралық ақпарат агенттігі атала бастадық. Оған не түрткі болды? Біз алдымызға мынадай мақсаттар жүктеп отырмыз. Біздің Президент Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге жаһандық ауқымдағы көшбасы болып табылады. Елбасы әлемге G-Global, ядролық қаруды таратпау, этносаралық, мәдениаралық, конфессияаралық ынтымақтастық және достық сынды жаһандық бастамаларды үнемі алға жылжытып келеді. Сондықтан да біз Президентіміздің бастамаларын әлемге паш ету үшін халықаралық агенттікке айналдық», деді меморандумды рәсімдеу барысында Д.Дияров.
Сонымен қатар ол бүгінгі таңда агенттік жаңалықтары әлемнің екі жүзге жуық еліне таралатындығын, жылдан жылға танымалдағы артып келе жатқандығын баса атап өтті.
Өз кезегінде Б.Жұмабеков Назарбаев орталығының еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдарымен дәл осындай меморандум жасасқанын атап өтті.
«Меніңше, бүгін біз осынау меморандумға қол қою арқылы алдымызға Мемлекет басшысының өршіл идеяларын тек Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге әлемдік қоғамдастықта ілгерілету мақсатын қоямыз деп сенемін», - деді орталықтың атқарушы директоры.
Меморандумға қол қою рәсімінен кейін «ҚазАқпарат» қызметкерлі кітапханаға саяхат жасады.