«Осы аптада ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасында брифинг пен presidentlibrary.kz веб-сайтының таныстырылымы өтеді, сондай-ақ онда алғашқы оқырман билеттері тапсырылады»,-деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, аталған кітапхана «Назарбаев Орталығы» ғимаратында орналасқан. Кітапхана қоры 20 мың еңбекті қамтиды. Мекеме Президентке сыйға тартылған экспонаттарды жинақтаумен де айналысады. Қазіргі күні мемлекет басшыларының және олардың ресми өкілдерінің сыйлықтарын, өнер туындылары мен тарихи жәдігерлерді қосқанда, Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке коллекциясынан алынған 500 экспонат бар.