ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанынан супер компьютерлік технологиялар орталығы ашылады

sp;        АЛМАТЫ. Шілденің 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанынан  супер компьютерлік технологиялар орталығы ашылады. Бүгін Алматыда Қор өкілдері әлемдік Intel компаниясының өкілдерімен орталықты ашу бағытындағы әріптестік жөніндегі келісімге қол қойды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Меморандумға сәйкес,  Intel орталыққа қажетті супер компьютерлік технологиялар мен арнайы мамандар бөлмек. ҚР Тұңғыш Президенті қорының өкілі Олег Рахматулиннің айтуынша, соңғы 15 жылда әлемдік экономиканың даму бағыттары көрсеткендей, экономикада ақпараттық технологиялар негізгі орын алады.Бүгінде тек компьютерлік техниканы дамыту арқылы ғана тұрақты дамушы, әлемдік бәсекеге қабілетті елге айналуға болады.

         Жаңа орталық 10 террафлофс жиілігінде жұмыс жасайды.Болашақта бұл 100 террафлофс жиілігіне дейін арттырылмақ.Бұл Қазақстанда  Intel мультиядролық шағын процессорлар негізінде өндіріс пен ғылым, жоғары білім саласын дамытуға бағытталған шешімдерді жасақтау, технология мен үлгілерді, ғылыми-инженерлік шешімдерді дамыту, мамандарды дайындау мен біліктілігін көтеру, зерттеушілерге көмек көрсету, әлемдік суперкомпьютерлік орталықтармен байланыс орнатуға ықпал жасамақ.

         Қазіргі кезде әлем бойынша суперкомпьютердің көмегі Боинг 787 ұшағын жасау жұмыстарына, Sukhoi SuperJet-SaM-146 ұшағының двигателін жасауға, әлемдік табиғи өзгерістерді бақылау, экологияны қадағалау, жер сілкінісін болжау жұмыстарына пайдаланылады.Мәселен, Жапонияда орналасқан Earth Simulator суперкомпьютерінің жұмысы арқасында ең күшті жер сілкінісі болжанып, адам шығынының алды алынған.

         Меморандумға қол қою барысында  Intel компаниясының ТМД бойынша аймақтық директоры Дмитрий Конаш орталықтың ашылуына барлық көмектерін көрсететінін білдіріп, орталықтың Қазақстан экономикасына үлкен мүмкіндіктер әкелетініне сенім білдірді.