ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтына жаңа директор тағайындалды

АСТАНА. 17 қаңтар. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті қоры Қамқоршылық кеңесінің шешімімен 2013 жылдың 14 қаңтары күні

ҚР Тұңғыш Президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры болып Мұхамеджанов Бектас Гафарұлының орнына Әкімбеков Сұлтан Мағрұпұлы тағайындалды.

Бұл туралы Саясатты талдау орталығынан хабарланды.