ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай сәбилерге сыйлықтар табысталды. Атап айтқанда, жаңа туған нәрестелерге арналған балалар костюмдері мен жас аналардың балаға дұрыс күтім жасауына, емізуден бастап одан әрі дамуын қадағалауға көмек беретін ата-аналарға арналған «Қуан, сәби» оқу құралы берілді.
Айта кетейік, елорданың перинаталдық орталықтарында күн сайын орта есеппен 65-70 сәби дүние есігін ашады. Жыл басынан бері қала халқының жалпы туу көрсеткіші 4%-ға өсті, мың адамға шаққанда 29,78-ді құрады.