Шараға мәскеулік ЖОО профессорлары мен оқытушылары, ресейлік ғалымдар мен сарапшылар, Еуразиялық экономикалық комиссияның өкілдері, қазақстандық студенттер, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары қатысты.
Дөңгелек үстел аясында оған қатысушылар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын тікелей эфирде тамашалады.
Кездесуде сөз сөйлеген РФ-дағы ҚР елшілігінің кеңесшісі Анатолий Смирнов Республиканың ішкі және сыртқы саясатының құрылуы мен дамуындағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өлшеусіз үлесін атап өтті. «Қазақстан барлық ірі және шағын мемлекеттермен өзара тиімді қарым-қатынас пен тығыз экономикалық байланыс орнатып жатыр, - деді дипломат.
Қаржы университетінің Жоғары заңгерлік мектебі директорының орынбасары Талғат Мықтыбаев 1993 жылы қиын экономикалық жағдайларға қарамастан «Болашақ» стипендиясын бекіту шешімін қабылдаған Нұрсұлтан Назарбаевтың даналығын, қайсарлығын атап өтті.
Кездесу соңында қатысушыларға Қазақстан Президентінің қызметі жөніндегі бейнеролик ұсынылды. Оны мәскеулік ЖОО-ларда білім алып жатқан қазақстандық студенттер, соның ішінде «Болашақ» бағдарламасына қатысушылар дайындады.