«Үміт-2015» тақырыбымен өткен шараның мақсаты - сотталғандарға мәдени құндылықтар негізінде эстетикалық тәрбие беру, олардың табиғат сұлулығы жөніндегі ұғымын және қоршаған ортаға деген мейірімділігін қалыптастыру арқылы шығармашылық қасиеттін арттыру болып табылады.
Байқау барысында қатысушыларға «Назарбаев феномені» бейне фильм көрсетілді. Байқауға жазасын өтеушілердің 20 астам жұмысы ұсынылды. Жеңімпаздар туындының түпнұсқалығы, эмоциялық бояудың болуы, көркемдік стиль, сурет кейіпкері критерийлері бойынша анықталды.
Қазылар алқасы ақылдаса келе, «Күз» картинасын ұсынған Сергей Громов пен қобдиша жәшік жасаған Виктор Мищенконы байқау жеңімпазы деп таныды», дейді Натальи Алексейчук.