деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгінде екі елдің арасында тығыз ынтымақтастық дамуда. Оған арадағы тарихи оқиғалар да себеп болып отыр. Сондай-ақ бүгінгі мұражай сабағының мәні мен мағынасы зор. Мен одан үлкен әсер алдым», деп атап өтті Райнер Ойген Шлагетер.
Германиядағы Қазақстан жылына арналған сабақ елордалық «№46 балабақша-мектеп гимназиясы» кешенімен бірлесіп ұйымдастырылып отыр. Оқушылар екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың қалыптасуының негізгі кезеңдерімен таныстырып, сол жылдардан хабардар ететін қысқаша қойылымдар да ұсынды.