15:58, 16 Мамыр 2009
ҚР тұңғыш Президенті мұражайында Семей полигонының тарихына арналған көрме ашылады
АСТАНА. Мамырдың 16-сы. ҚазАқпарат /Серік Ермаханов/ - Мамырдың 20-сында ҚР тұңғыш Президентінің мұражайында Семей полигонының тарихына арналған «Мәңгілік санаты» көрмесі ашылады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Көрмеге ҚР Президентінің жеке мұрағатынан алынған және «Невада-Семей» ядролық қаруға қарсы қозғалысының материалдар қойылады. Онда Семей полигонындағы сынақтар, одан зардап шеккен адамдар, Қазақстанның қоғамдық ядроға қарсы қозғалысының тарихы жөнінде баяндалады. Келушілер назарына қазақ халқының қайғылы тарихы туралы суреттер де ұсынылады. Естеріңізге сала кетейік, Семей ядролық полигоны Елбасы Жарлығымен 1991 жылғы тамыздың 29-ында жабылды. Полигонды жабуда ақын Олжас Сүлейменов басқарған «Невада-Семей» халықаралық ядроға қарсы қозғалысы зор рөл атқарды.