АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының бейбітшілік және прогресс мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты жазады.
Отырыста аталған сыйлықтың дәрежесін көтеру және нығайту, шет елдерде осындай марапаттарды тағайындау тәжірибесі туралы мәселелер қаралды.
Қаралған мәселе бойынша ортақ шешімдер қабылданып, тиісті мемлекеттік органдарға алда атқарылар жұмыстар туралы нақты тапсырмалар берілді.