Музейдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елорда тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа экскурсиялық тур ұсынылып отыр.
«Келушілерді кеңінен қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі 1 наурызынан бастап, жаңа тәртіпте: сағ.10-нан 18.00-ге дейін (үзіліссіз) жұмыс істейді. Экспозицияларға кіру уақыты 17.15-ке дейін. Сәрсенбі және жұма күндері, сағ. 14.00-ден 17.15-ке дейін барлық залдар мен бұрында жабық болған: «Алауошақ» залы, «Қысқы бақ» және демалыс бөлмесі бойынша экскурсиялар өткізіледі», делінген хабарламада.