Бұндай ақпарат ҚР қаржы вице-министрі Руслан Дәленовтан тараған.
Оның айтуы бойынша, 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан 23-ші орынға шығуды жоспарлауда. Вице-министр комиссия әзірге қаржыландыру мәселесін шешпегенін хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, жазғы олимпиада ойындары 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамызы аралығында Ұлыбритания астанасы - Лондон қаласында, ал қысқы олимпиада 2014 жылдың 7 ақпаны мен 23 ақпаны аралығында Ресейдің Сочи курортында өтеді.