Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің бюджеттік өтінішін қаралған Республикалық бюджет комиссиясының 21 отырысында мәлім болды. Бұл туралы бүгін ҚР қаржы вице-министрі Руслан Дәленов өзінің Twitter-дегі парақшасына жазған.
Оның жазуы бойынша, 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы олимпиада ойындарында Қазақстан 23-ші орынға шығуды жоспарлауда. Вице-министр комиссия әзірге қаржыландыру мәселесін шешпегенін хабарлады. «Әлі нақты цифрлар аталған жоқ, процесс жүріп жатыр», - деп хабарлады вице-министр.
Естеріңізге сала кетейік, жазғы олимпиада ойындары 2012 жылдың 27 шілдесі мен 12 тамызы аралығында Ұлыбритания астанасы - Лондон қаласында, ал қысқы олимпиада 2014 жылдың 7 ақпаны мен 23 ақпаны аралығында Ресейдің Сочи курортында өтеді.