ҚР ТЖМ басшысының орынбасары астаналық департамент қызметкерлерінің жұмыстан босатылуы себебін түсіндірді
және ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 70 қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнамалардың талаптары бұзылуы фактілері бойынша ұсыныстарды қарады.
Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
ТЖ бойынша департамент қызметтік тексеру жүргізіп, оның нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет туралы қолданыстағы заңнама талпаптары бұзылғанын қуаттады. Бұдан бұрын қызметке қабылданған кезде бұл қызметкерлер құқық қорғау қызметін өткерумен байланысты өздеріне тиісті шектеулерді қабыдаған болатын.
2013 жылғы 20 наурызда ТЖ бойынша департаменттің тәртіптік комиссиясы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңының 10-бабының 1-тармағы талаптарын бұзуға жол берген қызметкерлерді жұмыстан босату туралы ұсынба қабылдады. 2013 жылғы 26 наурызда осыған сәйкес департаменттің 1 қызметкері және «Астана бойынша ТЖД «Өрт сөндіру және апаттық құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің 59 қызметкері қызметтерінен босатылды, қалған 6 қызметкер еңбекке жарамсыздық демалысында жүр. Сонымен қатар, ұсынбадағылардың ішіндегі 8 қызметкер қызметте қалдырылды. Олардың 4-уі оқытушылық қызметпен айналысқан, ал 4-уіне қатысты талап мерзімі өтіп кеткен.
2013 жылғы 28 наурызда ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Жанболат Смайылов Астана қаласы ТЖ департаментінде болып, жұмстан босатылған қызметткерлермен кездесті, оның барысында оларға босатылу себептері түсіндірілді. Жұмыстан босатуға негіз ретінде «Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы» ҚР заңының баптары тілге тиек етілді және департамент жүргізген қызметтік тексеріс қорытындылары баяндалды, оған сәйкес 66 жағдайда сыбайлас жемқорлықпен күрес және мемлекеттік қызмет туралы заңнамалар талаптары бұзылғаны атап көрсетілді.
Кездесу барысында вице-министр ТЖ органдарының бұрынғы қызметкерлерінің сұрақтарына жауап қайтарды.
БАҚ-та бұл мәселенің шынайы көрсетілуі үшін журналистер шақырылды.