Бұл туралы бүгін Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Валерий Петров мәлім етті.
Ведомствоның бастамасымен төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, олардың жағымсыз салдарына қарсы іс-әрекет инфрақұрылымын дамыту мәселелері мемлекеттік жоспарлаудың негіз құраушы құжаттарына кіргізілгендігін баса айтқан ол: «Бұлар - Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспары және Елді аумақтық кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды сызбасы, ҚР-ның 2012-2016 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы, сондай-ақ оларды іске асыру үшін Үкімет қабылдаған жоспарлар мен бағдарламалар. Жергілікті деңгейде осы мәселелер елдің 16 өңірінің аумақтарын дамыту бағдарламалары мен әкімдіктердің стратегиялық жоспары аясында шешілуде», - деді В.Петров.