ҚР ТЖМ «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізіндегі қауіпсіздік инфрақұрылымын күшейтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» дәлізіндегі қауіпсіздік инфрақұрылымын күшейтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Владимир Божко мәлім етті.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда бұл жолдың басым бөлігінде көлік қозғалысы жанданып, автомобильдер ағыны күннен-күнге арта түсуде. Сонымен қатар жол Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін де қосып жатыр.

«Қазіргі уақытта біз құтқару жол-эксплуатациялық қызметтерді нығайту бағытындағы жұмыстарды қолға алып жатырмыз», - деді ол.