ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде Төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік ведомоствоаралық комиссияның шұғыл отырысы өтті. Жедел штаб мүшелері жиналды. Отырыста қосымша техника бөлу, байланыс, энергиямен қамтамасыз ету жүйелерін қалпына келтіру, автомобиль және темір жолдарды тазарту, жолдарды жабу, қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі шараларды күшейту бойынша бірқатар тапсырмалар берілді. Сондай-ақ төтенше жағдай орнынан тұрғындарды көшіру мәселесі талқыланды. Қазіргі уақытта Жамбыл облысындағы төтенше жағдай орнына жолсызбен жүре алатын техникамен жарақталған Республикалық жедел құтқару отрядының құтқарушылары, Азаматтық қорғаныс полкі, басқа да жауапты мемлекеттік органдардың бригадалары жіберілді. Қолда бар барлық техника жұмылдырылуда, ҚР ТЖМ авиациясы жоғары дайындық жағдайында. ТЖ орындарында байланыс жоқ.
18:06, 12 Қаңтар 2013
ҚР ТЖМ-да еліміздің екі облысында табиғи апатқа байланысты шұғыл отырыс өтті
АСТАНА. 12 қаңтар. ҚазАқпарат - Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарында орын алған төтенше жағдайлардың салдарын жою мақсатында мемлекеттік органдар бірқатар шара кешенін қабылдауда.