Оның сөзіне қарағанда, Төтенше жағдайлар министрлігі ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы бекіткен құқық қорғау органдары қызметкерлерін кезектен тыс аттестаттауды өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша жұмыс жүргізуде.
«2012 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы ТЖМ Орталық аттестаттау комиссиясының 7 кеңесі болды. Оның шеңберінде министрліктің мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының 274 қызметкерлерімен әңгімелесу өткізілді. Бұл Орталық аттестаттау комиссиясында аттестаттауға жататын жалпы 389 қызметкерлер санының 70,4%-ын құрайды», - деді баспасөз қызметінің маманы.
Әңгімелесу қорытындылары бойынша мынадай тұжырым жасалды:
43 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келеді және кадр резервіне қабылдауға немесе жоғары тұрған лауазымға жылжытуға ұсынылады;
176 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келеді;
16 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және лауазымын төмендету ұсынылады;
15 қызметкерге қатысты атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және басқа қызметке (лауазымға) ауыстыру ұсынылады;
« Ал 10 қызметкер атқаратын лауазымына сәйкес келмейді және құқық қорғау органынан босату ұсынылады. Сондай-ақ 14 қызметкер бойынша Орталық аттестаттау комиссиясының шешімі қабылданбады, бұл қызметкерлер бойынша қарастыру шаралары келесі отырысқа қалдырылды. Қазақстан Республикасы ТЖМ Орталық аттестаттау комиссиясы өзінің жұмысын одан әрі жалғастыруда», - деді Э. Райымбеков.