ҚР ТЖМ: Маңғыстау облысында мұнай компаниясының екі монтаждаушысы биіктіктен құлап, мерт болды

Фото: None
АСТАНА. 12 қараша. ҚазАқпарат - Маңғыстау облысындағы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның «Жетібай» кенішінде дүйсенбі күні монтаждау жұмыстарымен шұғылданып жатқан «Ойл констракшен компани» ЖШС-нің екі монтаждаушысы 15 метрлік биіктіктен құлап кетті.

ҚР ТЖМ хабарлағандай, 33 және 28 жастағы екі ер адам оқиға орнында жан тапсырды.

Сонымен бірге, Қарағанды облысында «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның «Тентек» шахтасында кеше кешқұрым монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде тау қатпары 48 жастағы ер адамның үстіне құлады. Салдарынан ол ауруханаға жатқызылды.