ҚР ТЖМ: Мұнаралы кран құлап, ер адам опат болды

None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Кеше, 8 шілде күні Орал қаласында «Әлтайыр» ЖШС-ның базасында жүк арту жұмыстары кезінде мұнаралы кран құлады.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен хабарлады.

Оның салдарынан «Әлтайыр» ЖШС-ның 34 жастағы жұмысшысы жарақаттанып, оқиға орнында қаза тапты.