ТЖМ-нен хабарлағандай, ведомство басшысының орынбасары Валерий Петров, Қызылорда облысы бойынша департаменттің жеке құрамына жаңа басшы - Төлеужанов Ерік Қабашұлын кеше, қазанның 4-і күні таныстырды.
ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың 2010 жылғы қыркүйектің 22-сі күнгі бұйрығымен Е.Төлеужанов Астана қаласы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары қызметінен босатылды.