ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысының құтқарушыларына бес арнайы көлікті сыйға тартты
14:57, 30 Желтоқсан 2011
ӨСКЕМЕН. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат /Людмила Малько/ - Жаңа жыл қарсаңында ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстанның ТЖ департаментіне бес жаңа көлік сыйлады, деп хабарлады ТЖД-нің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, бөлімшеге КамАЗ базасында 2 автоцистерна келді. «Олар өрт-техникалық құралдармен толық жабдықталған. Бір көлік 7 тонна, екіншісі - 6 тонна суды тасымалдай алады. Қалада бұл автоцистерналарды қалдырмаймыз, олар аудандық бөлімдерге жіберіледі», - дейді МӨБ-1 бастығы Денис Львов.
ШҚО ТЖД әскери техникасының арсеналын байланыс және жарықтандыру көлігі (БЖК-20) толықтырды. Гарнизонда бұл ең жаңа заманауи техника болып табылады. Ол байланысшылар үшін құралдармен, түрлі радиостансалармен, күшті генераторлармен толық жарақтанған. Сондай-ақ, ТЖ-дың шығыс гарнизонына тағы бір КУНГ және штабтық УАЗ қосылды.