ҚР ТЖМ: СҚО-да балық аулау кезінде 74 жастағы қария суға кетті

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Кеше кешқұрым Солтүстік Қазақстан облысының Воскресеновка ауылындағы Сладинское өзенінде балық аулау кезінде 74 жастағы ер адам суға батып кетті.

ҚР ТЖМ-нан хабарлағандай, оның денесі судан жарты сағаттан кейін АІІБ қызметкерлерінің күшімен шығарылды.