«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды және бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалану арқылы кезекті арандатуышылықты іске асыру болып табылады. Бұған дейін Гасанов Зуялхан (2022 жылы) жала жапқаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартылған болатын.
Айта кету керек, бұл азамат қазіргі уақытта азаматтық қорғау органдарының қызметкері емес, өйткені биылғы мамырда теріс себептермен жұмыстан шығарылды.
Ол бірнеше рет осындай мәселелер бойынша ТЖМ-ге жүгінді, бірақ тексеру нәтижелері бойынша ол көрсеткен дәлелдер расталмады.
Осыған қарамастан, өтініште айтылған әрбір фактіге бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп қызметтік тергеу жүргізілетін болады.
Өз кезегінде ТЖМ өз қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша барлық қажетті шараларды жүзеге асырады және анықталған әрбір факт бойынша шаралар қабылдануда»,-делінген хабарламада.
Сондай-ақ министрлік өкілдері ТЖМ-нің барлық жеке құрамына, атап айтқанда Түркістан облысының ТЖ департаментіне хабарландыру жасады. Онда министрліктің барлық қызметкерлері үшін «WhatsApp» мессенджерінде Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпхановтың тікелей телефон нөмірі 7 747 651 75 88 жұмыс істейді, жедел және шұғыл шешімдерді қажет ететін проблемалық мәселелермен жүгінуге болатыны айтылған. Өтініштің құпиялылығы сақталады.