Бұл туралы рrimeminister.kz сайтына берген сұхбатында Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайларды жою департаменті директорының орынбасары Алексей Советов мәлім етті.
«Министрлік жұмыспен қамту орталықтары арқылы республика азаматтарын ведомстволық құтқарушылар ретінде тарту жұмыстарын жүргізуде. Басқаша айтқанда құтқарушы жасақшылар суда құтқару қызметтерінде даярлықтан өтеді», - деді А.Советов.
Сонымен қатар, ол құтқарушылар суда құтқару дағдыларын үйренгеннен соң су қоймаларындағы жаппай демалу орындарында кезекшілікке тұратынын атап өтті.
Еліміздің су қоймаларында азаматтардың өлім-жітіміне жол бермеу үшін, әсіресе 2013 жылдың жүзу маусымында, министрлік 58 суда құтқару стансасының жеке құрамын, 22 құтқару бекетін, 7 оңтайлы-іздестіру тобын және суда құтқару қызметтерінің 13 апаттық құтқару жасағын даярлап қойғанын айта кеткен жөн.
Бұдан өзге, жүзу маусымының ашылуы қарсаңында жүзуге және демалуға пайдаланылатын 4 мыңнан астам су қоймасының түгендеуі жасалды, қауіпті заттардың бар-жоқтығын тексеру үшін су қоймасының түбінде су асты жұмыстары жүргізілді, жүзуге жарамды 535 демалыс аймағы анықталды.