Банктерді ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін орындау үшін қолма-қол ақшаны пайдалануға шектеген талаптар жеңілдетілуде. Бұл өзгеріс банктерде 140 млрд. теңге мөлшеріндегі қосымша өтімділік болуына әкеледі деп бағалаймыз. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Шымкент қаласына жұмыс сапары барысында айтты.
ҚР ҰБ деректері бойынша, 2015 жылдың соңында Ұлттық банктің жалпы халықаралық резервтері 28,1 млрд. АҚШ долларын, ал Ұлттық қордың активтерін қоса алғанда елдің халықаралық резервтері, 91,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Мысалы, 2007 жылдың соңында, ғаламдық қаржы дағдарысының алдында, елдің жалпы резервтері 38,6 млрд. АҚШ доллары болған, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметінен.